"Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 31) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қалаларда қоғамдық қауіпсіздікті мониторингілеу жүйелерін дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Техникалық қызмет департаменті (Т.Т.Ахметов) одан әрі өңірлік полиция департаменттеріне жолдаумен басқа мемлекеттік органдардың жүйелерімен біріктірілген қалаларда қоғамдық қауіпсіздікті мониторингілеу жүйелерін енгізу бойынша үлгі техникалық тапсырманы 2019 жылғы 20 қаңтарға дейін әзірлесін.
3. Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың полиция департаменттерінің бастықтары жергілікті атқарушы органдармен келісе отырып, 2019 жылғы 15 ақпанға дейінгі мерзімде осыған ұқсас Бағдарламаларды әзірлеп, өңірлердің әкімдері бекітсін және өңірлерді цифрландыру жөніндегі жол карталары шеңберінде іске асырсын.
4. Ішкі істер министрлігінің Штаб департаменті (С.Қ. Сүйінбаев), Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха), Техникалық қызмет департаменті (Т.Т. Ахметов) құзыреттері шегінде Бағдарламаның іске асырылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр | Қ. Қасымов |
Қосымша 2018 жылғы 10 желтоқсан ІІМ-нің № 897 бұйрығымен бекітілген |
Қалаларда қоғамдық қауіпсіздік мониторингі жүйелерін дамыту жөніндегі бағдарлама
1. Жалпы ережелер
Жоғары әлеуметтік және техногендік тәуекелдерді сақтай отырып, халықтың урбандалуына жалғасқан үрдіс, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ететін жүйелерге бірыңғай ұстанымның болмауы және оған қойылатын әртүрлі техникалық талаптар қалаларды қоғамдық қауіпсіздік мониторингі жүйелеріне қойылатын бірыңғай талаптарды әзірлеу қажеттілігін тудырады.
2. Қоғамдық қауіпсіздік мониторингі жүйелерін құру мақсаты және міндеті
Қоғамдық қауіпсіздік мониторингі жүйелерін құру мақсаты мекен ету ортасында қоғамдық қауіпсіздіктің, құқық тәртібі мен қауіпсіздіктің деңгейін қолда бар техникалық қамтамасыз етуді кезең-кезеңмен кеңейту және жетілдіру, бірыңғай үйлестіретін платформаларды құру жолымен осы міндеттерді шешуге жауапты қызметтерді үйлестіру мен өзара іс-қимыл жасасуын жақсарту есебінен арттыру болып табылады.
Қоғамдық қауіпсіздік мониторингі жүйелерінің негізгі міндеттері бақылау және тіркелген оқиғалар мен қоғамдық қауіпсіздікті жағдайы туралы мүдделі қызметтерді уақтылы хабарлау, қолда бар жедел ақпарат негізінде қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болжамдарды қалыптастыру, сондай-ақ мүдделі қызметтер мен бөліністерді жедел маневрлеу және үйлестіру болып табылады.
3. Қалаларды қоғамдық қауіпсіздік мониторингі жүйелерімен қамтамасыз ету үшін негіздер
Қазіргі уақытта қоғамдық қауіпсіздік мониторингі жүйелерін дамыту және унификациялау бойынша Мемлекет басшысының бірқатар тапсырмалары, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жүйелерінің бағдарламалық құжаттарында бекітілген бірқатар іс-шаралар бар.
1) Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары (Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 772 Жарлығымен бекітілген):
- 35.1-тармақ "Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жарақтандыруға қойылатын талаптар мен стандарттарды әзірлеу";
- 67-тармақ "Қалаларды қоғамдық қауіпсіздік мониторингі жүйелерімен қамтамасыз ету".
2) Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіп революциясы жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары (Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 9 ақпандағы № 633 Жарлығымен бекітілген):
- 95-тармақ "Көшелерде және азаматтар жаппай баратын жерлерде бейнебақылау мен танудың зияткерлік жүйелерін, жол жүрісін бақылауды белсенді енгізу;
- 96-тармақ "Астана қаласы мен өзге де елді мекендердің тәжірибесі негізінде "Смарт Сити" "эталон" стандартын қалыптастыру".
3) 2025 жылға дейін Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық жоспары "Сыбайлас жемқорлықсыз құқықтық мемлекет" 4 реформаны іске асыру жоспары (Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген):
- 50-тармақ "Қауіпсіздіктің зияткерлік жүйелерін дамыту, заңнамаға және құрылыс нормативтеріне адамдар жаппай баратын объектілер мен тұрғын үй кешендерін қашықтықтан электрондық бақылаудың қазіргі заманғы құралдарымен жабдықтауға қойылатын талаптарды белгілейтін өзгерістер мен толықтыруларды енгізу бойынша шаралар қабылдау";
- 58-тармақ "Нақты уақытта күдіктілердің (айыпталушылардың) жүрген жерлерін айқындау үшін арнайы мақсаттағы геоақпараттық платформаларды құру мәселелесін пысықтау".
4) "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысымен бекітілген);
- 64-69-тармақтар "Тұжырымдамаға сәйкес "Smart City" компоненттерін іске асыру".
5) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.Қ. Жұмағалиевтің Қазақстанда биометрияны негізу және пайдалау мәселесі бойынша тапсырмасы (2018 жылғы 10 қыркүйектегі № 11-3/И-435).
4. Қоғамдық қауіпсіздік мониторингі жүйелерін құрудың халықаралық тәжірибесі
Бағдарламаны дайындау процесінде Қазақстанмен әлеуметтік даму, қоғамдық қауіпсіздіктің жағдайы, сондай-ақ мониторингілеудің техникалық құралдарын дамыту және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету көрсеткіштері ұқсас Ресей Федерациясының және Беларусь Республикасының тәжірибелері зерделенді.
Мәселен, мемлекеттік қоғамдық қауіпсіздік мониорингі жүйелерін құру және дамыту Ресей Федерациясында 2013 жылдан, Беларусь Республикасында 2017 жылдан жүргізіледі.
Көрсетілген елдерде қоғамдық қауіпсіздік мониторингі жүйелерін құру мүдделі мемлекеттік органдарда бар кезекші және диспетчерлік қызметтердің техникалық және әкімшілік базасында қоғамдық қауіпсіздіктің қауіптерін анықтау, болжау және бағалау үшін арналған қоғамдық қауіпсіздіктің жағдайын бақылаудың бірыңғай ведомствоаралдық көп деңгейлі автоматтық ақпараттық жүйелерін құруды түсіндіреді.
Қоғамдық қауіпсіздік мониторингі жүйелерінің міндеттері Ресей Федерациясында да және Беларусь Республикасында да қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстардың, басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау (ашу) және жолын кесу, оларды жюасаған адамдарды іздестіру, төтенше жағдайларды ескерту және жою, сондай-ақ тіркелген оқиғалар туралы ақпараттарды жинау, өңдеу, сақтау процестерін автоматтандыру және оны барлық пайдаланушылар үшін ақпараттарды көрсету құралдарына беру мақсатында қоғамдық қауіпсіздіктің жағдайын бақылау болып табылады.
Бұл ретте, қоғамдық қауіпсіздік мониторингі жүйелерінің негізгі компоненттері:
- қоғамдық қауіпсіздіктің жағдайын құқық қорғау және арнайы органдардың бейнебақылау жүйелері;
- ЖЖҚ-ны бұзушылықты автоматты тіркеу жүйелері;
- адамдарды, сондай-ық көлікті және т.б. тану және іздестіру жүйелері ("Ағын", "Шеп", "Кордон" және т.б.);
- тастап кеткен, иелері жоқ заттарды анықтау, адамдар тобын құру, шартты күзет периметрінің жолын кесу және т.б. функцияларымен бейнебақылаудың зияткерлік жүйелері;
- қоғамдық қауіпсіздік мониторингі жүйелеріне қосылған локальды мемлекеттік емес (жеке) бейнебақылау жүйелері.
5. Қазақстанда қоғамдық қауіпсіздік мониторингі жүйелерін құрудың ағымдағы жағдайы және перспективалары
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында қалаларда қоғамдық қауіпсіздік мониторингі жүйелерін құру бойынша анағұрлым тиімді шешім ішкі істер органдарының Жедел басқару орталықтарын (бұдан әрі – ЖБО) оларға мүдделі органдардың өзге де диспетчерлік және кезекші қызметтерін, меншік нысандарына қарамастан барлық ұйымдардың бейнебақылау жүйелерін, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздіктің жағдайын бақылаудың өзге де құралдарын біріктіре отырып, жетілдіру болып табылады.
ІІО ЖБО Қазақстанда 1999 жылдан бастап Мемлекет басшысының "2030 жылға дейін Қазақстанның даму стратегиясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Жарлығын орындау үшін құрылды. Ол үшін ІІМ Ішкі істер органдарын кешенді техникалық қайта қаруландыру және қызметтік жұмысын техникалық қамтамасыз ету бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) әзірледі және іскен асырды.
Осы бағдарлама шеңберінде 20 жыл ішінде Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және облыс орталықтарында 21 ЖБО және 5 шағын қалада Жаңаөзен қаласында (2013 жылы), Хромтау, Рудный, Шучье және Семей қалаларында (2014 жылы) құрылды.
Нақты ЖБО базасында мониторинг жүйелерін құрудың қалаларда жаңа қоғамдық қауіпсіздік мониторингі жүйелерін құру алдында бірқатар елеулі артықшылықтары бар:
- ЖБО аппарат-бағдарламалық кешеннің (бұдан әрі – АБК) болуы. ЖБО АБК полицияның кезекші жасақшаларының күштері мен құралдарын жедел басқару, қылмыстарға, оқиғаларға, жаппай тәртіпсіздіктерге, табиғат апаттарына және жедел жағдайдың басқа да шиеленістеріне жедел ден қою бойынша қызметтер мен бөліністердің қызметтерін үйлестіру, дағдарыс жағдайлары туындаған кезде басқару шешімдерін әзірлеу және іске асыру үшін қажетті жедел ақпараттарды қабылдауды, өңдеу мен есепке алуды автоматтандыру үшін арналған;
- әрбір ЖБО-да дербес жедел жағдай шиеленіскен немесе өзге де дағдарыс жағдайлары кезінде елді мекеннің аумақтық ерекшеліктерін, қосалқы күштердің саны мен құрамын, сондай-ақ өзге де мүдделі мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасу мүмкіндіктерін ескере отырып әзірленген арнайы жедел жоспарлардың болуы;
- қоғамдық қауіпсіздіктің негізі бағыттары – құқықтық тәртіпті сақтауды шешу үшін күштер мен құралдардың болуы. ЖБО полицияның барлық кешенді күштерін үйлестіруді жүзеге асырады, жасалған қылмыстар, ұрланған заттар, іздестірудегі қылмыскерлер, олардың кескін-келбеттері мүмкін жүріс бағыттары, сондай-ақ ІІО-ның құзыретіне кіретін қоғамдық қауіпсіздік қауіптерімен байланысты өзге де оқиғалар туралы оларды уақтылы бағыттайды;
- жіктелген материалдық және әкімшілік базаның болуы. Қазіргі уақытта барлық қоғамдық қауіпсіздік мониторингі жүйелерінен (ІІО-ға жатпайтын бейнежүйелер, тану және бейнеталдау жүйелері және т.б.) техникалық сиапттамаларға қойылатын талаптар мен дамытудың бірыңғай саясаты тек ішкі істер органдарында бар. Операторлардың функциялары мен жауапкершіліктері сондай-ақ тиісті нормативтік-құқықтық актілерде жіктелген және бекітілген;
- құқықтық базаның болуы. Қазақстан Республикасының "Ішкі істер органдары туралы" Заңы ішкі істер органдарына қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша шаралар кешенін жүзеге асыру жөніндегі құзыретті бекітті. Одан басқа, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 шілдедегі № 439 бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Жедел басқару орталықтарының және кезекші бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидалары" бар.
Осылайша, ІІО ЖБО-да қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жеткілікті әлеует пен ресурстар бар және олардың базасында қалаларда қоғамдық қауіпсіздік мониторингі жүйелерін дамыту негізделген.
6. Қоғамдық қауіпсіздік мониторингі жүйелерін дамыту бойынша алдағы міндеттер
Қоғамдық қауіпсіздік мониторингі жүйелерін ұйымдастыру меншік нысандарына қарамастан қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша міндеттері шешуге қатысатын барлық органдар мен ұйымдар үшін бірыңғай үйлестіруші, ақпараттық және техникалық платформаларды құру болып табылады.
Осылайша, ІІО ЖБО базасында барлық әкімшілік және техникалық ресурстарды біріктіру қажет етіледі.Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың дамуын ескеріп, ІІО ЖБО-ны ауқымды жаңашаландыру қажет.
Қоғамдық қауіпсіздік мониторингі жүйелеріне жүктелетін міндеттерді шешу үшін ЖБО-ның техникалық жарақтандыру:
1. Мекен ету ортасында қоғамдық қауіпсіздік, құқық тәртібі мен қауіпсіздік қауіптерін орталықтандырылған мониторингті мыналарды қамтамасыз етуге мүмкіндік беруі тиіс, атап айтқанда:
− телефон байланысын, шұғыл байланыс құралдарын қоса алғанда қолжетімді байланыс арналары бойынша қоғамдық қауіпсіздікпен байланысты оқыс оқиғалар туралы барлық хабарламаларды қабылдау және тіркеу;
− барлық қауіпсіздік жүйелерінен алынған деректерді жинау арқылы кешенді қоғамдық қауіпсіздік мониторингі;
− меншік нысандарына қарамастан бейнебақылау жүйелерінің барлық перефериялық құрылғылар қосу және басқару мүмкіндігі;
2. басқару және өзара іс-қимыл жасасуды үйлестіру, атап айтқанда:
− оқиғалар санаттарына сәйкес белгілі бір сценарийлер бойынша полицияның кешенді күштеріне, жедел ден қою және құтқару қызметтеріне тапсырмаларды қалыптастыру;
− оқиғалардың мәртебесі және полицияның кешенді күштеріне, жедел ден қою және құтқару қызметтеріне берілген тапсырмалар туралы жауапты адамдарды жедел хабарлау;
− оқиғалар мәртебелері мен берілген тапсырмаларды қарауды қоса алғанда оқиғалар туралы толық ақпараттарды интерактивті картада бейнелеу;
3. шешімдер қабылдау мен моделдеуді қолдау, атап айтқанда:
− оқиғаларды және регламенттермен, нормативтік және құқықтық құжаттармен белгіленген полицияның кешенді күштері, шұғыл жедел және құтқару қызметкері үшін оларға сәйкес ден қою алгоритмдерін санаттау;
− әлеуетті қауіптердің туындауының әртүрлі сценарийлерін олардың даму болжамдарын құру мен электрондық картада моделдеу нәтижелерін көрсетуді қоса алғанда моделдеу;
4. елді мекеннің халқын хабарлау және байланыс құралдарын, оның ішінде дауыс зорайытқыштарды, ақпараттық таблоларды, смс-таратуларды, мобильдік қосымшаларды, электрондық пошталарды, радио және телеарналарды, интернет-порталды және өзге де хабарлау құралдарын пайдалана отырып, хабарлау.
5. жергілікті жердің интерактивті картасында:
- оқиғаны деталдау бойынша ақпаратты басқару және визуализациялау мүмкіндігі. Звонок шалған адам хабарлаған немесе диспетчер қосқан оқиға туралы барлық ақпарат жүйелерде жиналуы және қолжетімді болуы тиіс. Осы ақпарат звонок шалған абонент туралы деректер мен мекенжайын (үйінің нөмірі, көшесі, таралған атауы, қиылыс және т.б.) қоса алғанда звонок шалған адамнан алған мәліметтерді, сондай-ақ диспетчер жинаған басқа да мәліметтерді қамтуы мүмкін.
- талдау және оқиғаны басқа дерек көздерімен салыстыру. Оның ішінде осы аудандағы өткен оқиғалармен, осы мекенжаймен, телефон нөмірлерімен, осы мекенжай бойынша құқық бұзушылықтарды жасау фактілерімен, жолдың нақты учаскелерінде ЖКО-ны жасаумен, шұғыл жәрдем кареталары мен өртке қарсы қорғау қызметтерінің және т.б.келуімен. Осының барлығы оқиға туралы ақпараттытолықтыруға және оған анағұрлым тиімді ден қоюға мүмкіндік береді.
- полицияның кешенді күштері мен өзге де шұғыл қызметтердің ағымдағы орналасуы. Интерактивте экрандарда қоғамдық қауіпсіздікті бұзушылықтың жасалуы орны мен оқыс оқиғаны сипаттаудан басқа он-лайн режимде ІІО-ның кезекші және патрульдік бөлінгістерінің, құтқару және шұғыл ден қою қызметтерінің орналасқан жерлері туралы ақпарат шығарылуы тиіс. Бұл ретте, бөліністің ағымдағы мәртбесі: тапсырмада, тапсырмада еместігі және т.б. көрсетілуі тиіс.
- ІІО ЖБО-да бар бейнебақылау жүйелері желілерін кеңейту, сондай-ақ республиканың барлық ірі қалаларында ІІО ЖББ-ны құру. Қазіргі уақытта бейнебақылау камераларына қажеттілік шамамен 70 мың бірлікті құрайды, одан басқа қосымша шағын қалаларда 30-дан астам ІІО ЖБО-ны құру қажет етіледі.
Бұл ретте, барлық құрылатын және бар ІІО ЖБО "Республика – Область – Қала – Аудан" вертикалды басқару сәулетін құра отырып, бір бірыңғай желіге біріктірілуі тиіс.
Осылайша, ІІО ЖБО-ның әрбір жоғары тұрған буыны төмен тұрған ІІО ЖБО-ның аппарат-бағдарламалық кешеніне, бейнебақылау жүйелері мен интерактивті экранына қарау мен деректерді басқару, сондай-ақ үйлестірушілік және басқарушылық функцияларды жүзеге асыру мүмкіндігімен толық қолжетімділігі болуы қажет:
- ІІО ЖБО АБК-ны ЖЖҚ-ны бұзушылықты автоматты тіркеу жүйелерімен және "Шеп" СББ-да, автовокзалдарда және әуежайларда орнатылған көлік ағынын қадағалау камераларымен біріктіру. Бүгінгі күні республиканың жолдарында 3,4 мың ЖЖҚ-ны бұзушылықты автоматты тіркеу камерасы орнатылған, олар 1,2 млн. ЖЖҚ-ны бұзушылықты (немесе ЖЖҚ-ны бұзушылықтың жалпы санынан 40%) тіркеді. Бұл ретте, осы камералардың автокөліктің тіркеу нөмірлерін айырып тану мен оларды криминалды автокөліктің деректер базаларымен салыстырудың техникалық және бағдарламалық мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар, криминалдық автокөліктің жүрісі туралы ЖБО АБК-ның пультіне ақпаратты жедел беру үшін ІІО ЖБО-мен оларды біріктіру қажет етіледі;
- бақылаудың, ақпараттарды жинау мен өңдеудің перифериялық құралдарына қойылатын бірыңғай техникалық талаптарды әзірлеу. Қазіргі уақытта елімізде 170,3 мыңнан астам бейнебақылау камерасы бар, осы бейнекамералардың жеткілікті көп санынан тек 6 мыңы ІІО-ға тиесілі және ІІО ЖБО-ға біріктірілген, сондай-ақ ІІО ЖБО-мен коммерциялық ұйымдармен ЖАО-ның өзара іс-қимыл жасасу бағдарламалары бойынша орнатылған талдау функциялары бар 27 мың зияткерлік камера біріктірілген (СКОЖ, "Smart City", "Сергек", "Қауіпсіз аула", "АИС БДД" және т.б.).
Қалған 137,3 мың бейнебақылау камерасы жеке құрылымдарға (ПИК, ойын-сауық кешендері, қонақ үйлер және т.б.) жатады және оларды ІІО ЖБО-мен біріктіру қиыншылық тудырады, себебі олардың барлығының әртүрлі техникалық параметрлері бар. Сондықтан барлық орнатылатын бейнебақылау камералары "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бейнебақылау жүйелеріне қойылатын бірыңғай техникалық талаптарды бекіту туралы" ІІМ-нің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 774 бұйрығының талаптарына сәйкес келуі тиіс;
- барлық кезекші-диспетчерлік қызметтердің өзара іс-қимыл жасасуын және ақпараттық қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдар жанында "112" бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметтік құру.
Тікелей кезекші-диспетчерлік қызметтен де, азаматтардан да келіп түсетін барлық жедел ақпараттардың бірыңғай қызметте ошғырлануы барлық қызметтердің өзара іс-қимыл жасасуы мен оқыс оқиғалар бойынша ақпараттың тоықтығын қамтамасыз етуді арттыру есебінен қоғамдық қауіпсіздікті бұзушылыққа анағұрлым жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Бұл ретте, ІІО ЖБО-ның қоғамдық қауіпсіздік саласына қатысты "112" бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметке келіп түсетін барлық ақпараттарға толық қолжетімділігі болуы тиіс;
- заңнамалық деңгейде және құрылыс нормативтерінде адамдар жаппай баратын объектілерді және тұрғын үй кешендерін бейнебақылау жүйелерімен жарақтандыру бойынша талаптарды бекіту.
Қазіргі уақытта Инвестициялар және даму министрлігі адамдар жаппай баратын объектілер мен тұрғын үй кешендерін жобалау және салу мәселелерін регламенттейтін бірқатар мемлекеттік нормативтермен қажетті өзгерістер мен толықтыруларды енгізуде;
Одан басқа Ішкі істер және Білім және ғылым министрліктері мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жарақтандыруға қойылатын талаптар мен стандарттарды әзірлеуде.
Перспективте жаппай баратын жаңа объектілерді салу немесе оларды бейнебақылау жүйелерімен жарақтандыру кезінде міндетті жағдай осы жүйелерді ІІО ЖБО-ға қосу болуы керек;
- коммерциялық ұйымдармен бірлескен жобалар шеңберінде (СКОЖ, "Smart City", "Сергек", "Қауіпсіз аула", "АИС БДД" және т.б.) енгізілетін қауіпсіздік жүйелеріне қойылатын барынша аз талаптарды жергілікті атқарушы органдардың пайдалануы.
Осы талаптарды "Зерде" Ұлттық инфокоммуникациялық холдинг" Акционерлік қоғамы Ішкі істер, Ақпарат және коммуникациялар министрліктерімен келісу бойынша әзірледі және "Smart-Қауіпсіздік" бағдарламаларының негізгі компоненттеріне қойылатын барынша аз талаптарды айқындайды. Жергілікті атқарушы органдар "Smart-Қауіпсіздік" жобаларын іске асыру кезінде маңызды шарт ЖБО және "Smart-Қауіпсіздік" қызметтері арасында қоғамдық қауіпсіздік саласындағы оқыс оқиғалар туралы ақпаратпен, оның ішінде бейнебақылау жүйелеріне қолжетімділік жолымен жедел өзара алмасуды қамтамасыз ету болуы тиіс.
7. Қоғамдық қауіпсіздік мониторингі жүйелерін дамыту үшін негізгі шарттар
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ішкі істер органдарының басымдылық міндеті болып табылады.
Бұл ретте, дамыған елдердің (АҚШ, Қытай, Сингапур және т.б.) тәжірибесі көрсеткендей, құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша анағұрлым тиімді шешім талдау және айырып тану функцияларымен қазіргі заманғы зияткерлік камераларының желілерімен елді мекендердің аумағын толық қамту жолымен қоғамдық қауіпсіздікті бақылауды арттыру болып табылады.
Сонымен қатар, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында қолданылатын техникалық құралдарды дамытудың көрінеу қажеттілігіне қарамастан, Қазақстанның көптеген өңірлерінде осы мәселелерді шешуде жергілікті атқарушы органдар тарапынан тұрақты қаржыландыру жоқ.
Практика көрсеткендей, тіпті еліміздің басшыларының нақты тапсырмалары немесе бекітілген бағдарламалық құжаттардағы тиісті іс-шаралар болғанның өзінде республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржылық құралдарды бөлу мәселелері әрқашан оң шешілмейді.
Мысалы, ІІМ Құқық қорғау жүйелерін одан әрі оңтайландыру жөніндегі бағдарламаларды іске асыру шеңберінде күрделі криминогендік жағдайдағы 35 шағын қалада ЖБО-ны салуды жоспарлаған болатын.
2015 жылы бағдарламаны іске асыру мақсатында ЖБО аппарат-бағдарламалық кешенді орнату үшін 5 шағын Степногор, Қапшағай, Риддер, Жезқазған және Теміртау қалаларында ғимараттардың дайындығы қамтамасыз етілді. Алайда, 2015 жылға арналған бюджет шығыстарының қысқаруына байланысты сомасы 2 млрд. 280 млн. теңге қаржыландыру қолдау тапқан жоқ (1 Орталықты пайдалануға енгізу үшін орташа 570 млн. теңге қажет етілді).
Сондай-ақ, 2017 жылы Мемлекет басшысы 2017-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясында Жедел басқару орталықтарын жетілдіру күрделі жедел жағдайдағы ашғын қалаларда ЖБО-ны құру міндетін қойды (Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 11 қаңтардағы Жарлығын іске асыру жоспарының 85-тармағы).
Осыған байланысты, "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2018-2020 жылдары 12 шағын қалада ЖБО-ны салу көзделді, ол үшін 6 млрд. 270 млн. теңге бөлу жоспарланды (69-тармақ, 2018-2020 жылдар аралығында 12 ЖБО-ға).
2018 жылы ғимараттар дайын Степногор, Риддер, Қапшағай, Теміртау қалаларында, ол үшін 2 млрд. 280 млн. теңге бөлу жоспарланды, алайда ақшалай қаржы бөлінген жоқ. Осы қалалар 2019 жылға ауыстырылды.
Алайда, РБК-ның 2018 жылғы 28 тамыздағы № 18 шешімімен ұсынылған шығыстар қолдау тапқан жоқ.
8. Қоғамдық қауіпсіздік мониторингі жүйелерін дамытудан күтілетін нәтижелер
Қоғамдық қауіпсіздік мониторингі жүйелерін енгізу қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйелерін одан әрі кешенді дамытуға ықпал ететін болады.
Мәселен, ІІО ЖБО-ның үйлестіруші және техникалық мүмкіндіктерін дамыту, оның ішінде барлық ақпарат көздерінен қоғамдық қауіпсіздіктің жағдайы туралы мәліметтерді орталықтандыру, сондай-ақ талдау, криминалды адамдар мен заттарды айырып тану және т.б. функцияларымен қазіргі заманғы зиякерлік камераларды пайдалану:
- заңды құрметтейтін азаматтарда қорғалу және қауіпсіздік сезімдерін арттыруға және әлеуетті заң бұзушыларға қатысты елеулі профилактикалық және "тежейтін" эффектілермен қамтамасыз етуге;
- қылмыстардың көбін "ізін суытпай" ашуға және әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесуге, оның салдары ретінде "жазаның міндеттілігі" және құқық бұзушылықтарға "мүлдем төзбеушілік" қағидаттарының сақталуына ықпал етуге;
- көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда полиция санын қысқартуға, ал босатылған ресурстарды бейнебақылау жүйелерімен жарақталмен елді мекендердің учаскерлерінде қызмет атқаруға жіберуге;
- талдау функцияларымен зияткерліктің бейнебақылау жүйелерін енгізу есебінен бейнебақылау жүйелері операторларының жүктемесін және одан санын ұлғайту қажеттілігін, оларға тек басқарушылық және үйлестіруші шешім қабылдауды қалдыра отырыптөмендетуге;
- ЖЖҚ-ны бұзушылықтарды автоматты анықтау және "Шеп" СББ-да көлік ағынын бақылау үшін қолданылатын көлік құралдарының тіркеу нөмірлерін айырып тану функциялары бар, вокзалдарда, әуежайларда және т.б. камералармен біріктіру есебінен криминалдық көлікті іздестіруді және жол ахуалына жалпы бақылауды жүзеге асыруға;
- анағұрлым тиімді басқарушылық және үйлестіруші шешімдер, оның ішінде қабылданған шаралар тиімділігі барлық шұғыл және жедел қызметтердің (құтқару, медицианлық жәрдем көрсету қызметтері, полиция бөліністері және т.б.) іс-қимылдарын үйлестіруге тікелей байланысты азаматтық қорғау және төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл саласында қабылдауға мүмкіндік береді.
Осылайша, көрсетілген ұстанымдарды қолдану қоғамдық қауіпсіздіктің жағдайына оң әсер етеді, ішкі істер органдарын техникалық дамытуға ықпал етеді және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ең жақсы әлемдік практикаларға сәйкес келетін болады.