Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кенесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында оқулық басылымдар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – аппарат басшысының 2024 жылғы 18 желтоқсандағы № 1-8/66 өкімі.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-2-бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына, сәйкес:

      1. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында оқулық басылымдар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру қағидалары, осы өкімнің қосымшасына сәйкес, бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі Аппаратының Сот оқуы және біліктілік емтиханын ұйымдастыру бөліміне осы өкімді Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы өкім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы
Д. Малахов

  Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесі
Төрағасының
2024 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 1-8/66 өкіміне
қосымша

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кенесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында оқулық басылымдар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кенесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында оқулық басылымдар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-2-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Қағидалар Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кенесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында (бұдан әрі – Академия) оқулық басылымдар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

      3. Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) автор – шығармашылық еңбегімен оқулық басылымын, оқу-әдістемелік кешен дайындаған жеке тұлға;

      2) авторлық ұжым – бірлескен авторлар ретінде жүретін жеке тұлғалар тобы;

      3) оқулық басылымдары, оқу-әдістемелік кешендері мониторингі – оқу процесіне оқулық басылымдарын, оқу-әдістемелік кешендерді енгізу нәтижелері бойынша ақпарат жинақтау, сақтау, өңдеу және тарату;

      4) оқулық басылымдарын, оқу-әдістемелік кешендерді сынақтан өткізу – Академиядағы оқу процесінде оқулық басылымдарын, оқу-әдістемелік кешендерді пайдалану практикасын енгізу және кешенді зерделеу;

      5) оқу басылымдарының сараптамасы – мазмұнының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (бұдан әрі – МЖМБС), үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларының, білім алушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту мақсаттарына, қазіргі заманғы ғылыми түсініктерге және психологиялық-педагогикалық ғылым талаптарына сәйкестігін бағалау;

      6) сарапшы – сараптама жүргізуге тартылатын, білім беру, ғылым, техника және басқа да салаларда кем дегенде бес жыл еңбек өтілі және тиісті біліктілігі бар жеке тұлға;

      7) электрондық жеткізгіштердегі оқулық басылымы – оқытуды автоматтандыруға арналған, оқу пәніне сәйкес келетін және оқу жұмыстарының әр-алуан түрлерін қамтамасыз ететін, сондай – ақ Академияның интернет -ресурсында орналастырылуы мүмкін цифрлық, мәтіндік, графикалық, аудио, бейне және өзге ақпараттың жиынтығы ретінде ұсынылған басылым.

      Электрондық оқулық басылымына мыналар жатады: электрондық оқулық, электрондық оқу құралы, электрондық оқу-әдістемелік кешен, аудио-, бейне материалдар, цифрлық оқу ресурстары, виртуалды зертханалар, т.б. Электрондық басылым электронды тасымалдағышта орындалуы, сондай-ақ Академияның интернет-ресурсында орналастырылуы мүмкін;

      8) Оқу-әдістемелік кеңес (бұдан әрі – ОӘК) – Академияның оқу және әдістемелік қызметі жөніндегі алқалы басқару органы.

      4. Білім беру процесін оқу-әдiстемелiк қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру және Академияның профессорлық-оқытушылық құрамының жұмысын ынталандыру мақсаты үздік оқулық басылымына, оқу-әдістемелік кешеніне байқау жүргізіледі.

      Байқауды жүргізу тәртібін Академия дербес айқындайды.

2. Оқулық басылымдарын, оқу-әдiстемелiк кешендерді дайындау тәртібі

      5. Оқулық басылымдарын, оқу-әдiстемелiк кешендерін автор МЖМБС талаптарын, оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасын және үлгілік оқу жоспарын ескере отырып дайындайды, мынадай талаптарға сәйкес жүзеге асырады:

      1) оқу пәні бойынша неғұрлым өзекті білімдерді енгізу;

      2) ұсынылған оқу және әдістемелік материалдардың дұрыстығы;

      3) оқулық басылымы мен оқу-әдістемелік кешені арналатын мақсатты аудиторияны (тиісті білім деңгейіндегі білім алушылар, тыңдаушылар, оқытушылар, ғылыми қызметкерлер, судьялар, сот жүйесінің қызметкерлері және басқа тұлғалар) есепке алу;

      4) оқу материалы мазмұнының кәсіби, практикалық бағыттылығы.

      6. Оқулық басылымдарының, оқу-әдістемелік кешенінің авторлық ұжымының құрамына ғалымдар, оқытушылар, ғылыми қызметкерлер, судьялар, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кенесінің мүшелері және Кеңес аппараты мен сот жүйесінің қызметкерлері, сондай-ақ оқулық басылымының бейіні бойынша өзге де тұлғалар енуі мүмкін.

3. Оқулық басылымдарына сараптама жүргізу және оқу-әдістемелік кешендердің МЖМБС-на сәйкестігін қарау тәртібі

      7. ОӘК оқулық басылымдарын қарау барысында, оқу-әдістемелік кешендерді қоспағанда, плагиатты анықтау мен алдын-алу жүйелерін пайдалана отырып, авторлардың немесе авторлық ұжымның материалдарды авторға сілтеме жасамай пайдалануын тексереді.

      Мәтіннің бірегейлігінің рұқсат етілген деңгейі Ғылыми кеңестің шешімімен белгіленеді.

      8. Оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді қарау нәтижелері бойынша ОӘК мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) оқулық басылымы бойынша – сараптама жүргізу туралы;

      2) оқу-әдістемелік кешен бойынша – МЖМБС сәйкестігін қарау туралы;

      3) оқулық басылымын пысықтау туралы;

      4) оқу-әдістемелік кешенді пысықтау туралы.

      Оқулық басылымын пысықтау туралы шешім, егер автор немесе авторлық ұжым авторға сілтеме жасамай материалдарды пайдалануын тексеру нәтижесі бойынша сәйкестік рұқсат етілген деңгейден жоғары нәтиже көрсеткен жағдайда қабылданады.

      9. Білім беру қызметінде пайдалануға ұсынылатын оқулық басылымдары мазмұнының МЖМБС талаптарына, үлгілі оқу жоспарлары мен бағдарламаларына, ғылыми зерттеулерге, оқытудың мақсаттарына, білім алушылардың дамуына, психологиялық-педагогикалық ғылымның қазіргі кезеңдегі талаптарына сәйкестігін бағалау үшін оларға сараптама жүргізіледі.

      10. Сараптаманы ОӘК ұйымдастырады.

      11. Автор (авторлық ұжым) оқулық басылымына сараптама жүргізу үшін ОӘК-сына мынадай материалдарды жолдайды:

      1) оқулық басылымына сараптама жүргізу туралы еркін нысандағы өтініш, онда титулдық парағына сәйкес автор (авторлық ұжым), атауы, басылым тілі көрсетіледі;

      2) оқулық басылымы – электронды түрде не автордың (авторлық ұжымның) қалауы бойынша қағаз жүзінде;

      3) оқулық басылымына сырттан екі сын-пікір;

      4) оқулық басылымын, онда материалдардың авторға сілтеме жасамай пайдаланылуын тексеру нәтижесі туралы анықтама.

      12. Оқулық басылымдарына сараптама жүргізу үшін ОӘК бейін бойынша ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы) бар немесе философия докторы (PhD) дәрежесі бар немесе оқулық басылымы дайындалған тиісті сала бойынша тәжірибесі бар қызметкерлер қатарынан сарапшылар (3 адамнан аспайтын) тартады.

      13. Сарапшыларға автор (авторлық ұжым) ұсынған құжаттардың барлық жиынтығы беріледі.

      14. Бір оқулық басылымын сараптау ОӘК отырысында тиісті шешім қабылданған күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұйымдастырылады және жүргізіледі.

      15. Сараптама қорытындысында мынадай шешімдердің бірі көрсетіледі:

      1) басуға және (немесе) оқу процесінде пайдалануға ұсынылады;

      2) басуға және (немесе) оқу процесінде пайдалануға ұсынылмайды.

      16. ОӘК авторға (авторлық ұжымға) сараптама нәтижелері туралы сараптау қорытындысы шыққаннан кейін дереу хабарлайды.

      17. Сарапшылардың оң қорытындысы негізінде Ғылыми кеңес оқулық басылымын басып шығаруға және (немесе) оқу процесінде пайдалануға ұсынады.

      18. Сараптама нәтижесімен автор (авторлық ұжым) келіспеген жағдайда, ОӘК шешімі бойынша оқулық басылымдарына қосымша сараптау жүргізіледі, оны жүргізу осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес басқа сарапшыларға тапсырылады. Қосымша сараптама жүргізу мерзімі 15 жұмыс күнде құрайды.

      Қосымша сараптаманы ОӘК ұйымдастырады.

      19. Оқу-әдістемелік кешендер сараптама жүргізілмей ОӘК қарауына жатады.

4. Оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді сынақтан өткізу, оларға мониторинг жүргізу және басып шығару тәртібі

      20.      Жаңадан әзірленген оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді (немесе оның жекелеген элементтерін) сынақтан өткізу оларды кейіннен оқу процесіне енгізу мақсатында бір оқу жылы ішінде жүргізіледі.

      21. Сынақтан өткізу нәтижелері автордың (авторлық ұжымның) қатысуымен ОӘК оқулық басылымын, оқу-әдістемелік кешенді білім беру қызметінде пайдалану мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін қаралуға жатады.

      Сынақтан өткізу нәтижелері бойынша оқулық басылымын, оқу-әдістемелік кешенді жетілдіру бойынша ұсыныстар шығарылған жағдайда, олар оқулық басылымдарына, оқу-әдістемелік кешенге мониторинг жүргізу кезінде есепке алу үшін ОӘК-сына тапсырылады.

      22. ОӘК мынадай мақсатта жүйелі түрде оқулық басылымдарына, оқу-әдістемелік кешендерге мониторинг жүргізеді:

      1) Академияда білім беру процесін, оқу бағдарламаларын қазіргі заманғы оқулық басылымдарымен қамтамасыз ету мәселелеріне талдау жасау;

      2) оқу процесінде пайдаланылатын оқулық басылымдарының, оқу-әдістемелік кешендерінің сапасын жақсарту және оларды өзектендіру қажеттігі.

      Мониторинг нәтижелері бойынша ОӘК ұсыныстар әзірлейді және оларды Академияның Ғылыми кеңесінің қарауына енгізеді.

      23. Оқулық басылымдары, оқу-әдістемелік кешендер Академияның және/немесе автордың (авторлық ұжымның) қаражаты есебінен басылып шығарылады.

      Оқулық басылымын, оқу-әдістемелік кешенді басып шығару Ғылыми кеңестің шешімі негізінде жүзеге асырылады.

Об утверждении Правил организации работ по подготовке, экспертизе, апробации, изданию и проведению мониторинга учебных изданий и учебно-методических комплексов в Академии правосудия при Высшем Судебном Совете Республики Казахстан

Распоряжение Председателя Высшего Судебного Совета Республики Казахстан от 18 декабря 2024 года №1-8/66

      В соответствии с подпунктом 7) статьи 5-2 Закона Республики Казахстан "Об образовании", подпунктом 10) пункта 1 статьи 5 Закона Республики Казахстан "О Высшем Судебном Совете Республики Казахстан":

      1. Утвердить Правила организации работ по подготовке, экспертизе, апробации, изданию и проведению мониторинга учебных изданий и учебно-методических комплексов в Академии правосудия при Высшем Судебном Совете Республики Казахстан согласно приложению к настоящему распоряжению.

      2. Отделу судебного образования и организации квалификационного экзамена Аппарата Высшего Судебного Совета Республики Казахстан обеспечить размещение настоящего распоряжения на официальном интернет-ресурсе Высшего Судебного Совета Республики Казахстан.

      3. Настоящее распоряжение вступает в силу со дня подписания.

      Председатель
Высшего Судебного Совета
Республики Казахстан
Д. Малахов

  Приложение
к распоряжению Председателя
Высшего Судебного Совета
Республики Казахстан
от 18 декабря 2024 г. № 1-8/66

Правила организации работ по подготовке, экспертизе, апробации, изданию и проведению мониторинга учебных изданий и учебно-методических комплексов в Академии правосудия при Высшем Судебном Совете Республики Казахстан

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила организации работ по подготовке, экспертизе, апробации, изданию и проведению мониторинга учебных изданий и учебно- методических комплексов в Академии правосудия при Высшем Судебном Совете Республики Казахстан (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 7) статьи 5-2 Закона Республики Казахстан "Об образовании".

      2. Правила определяют порядок организации работ по подготовке, экспертизе, апробации, изданию и проведению мониторинга учебных изданий и учебно-методических комплексов в Академии правосудия при Высшем Судебном Совете Республики Казахстан (далее – Академия).

      3. В Правилах применяются следующие термины и определения:

      1) автор – физическое лицо, творческим трудом которого подготовлено учебное издание, учебно-методический комплекс;

      2) авторский коллектив – группа физических лиц, выступающих в качестве соавторов;

      3) мониторинг учебных изданий, учебно-методических комплексов – сбор, хранение, обработка и распространение информации по результатам внедрения учебных изданий, учебно-методических комплексов в образовательный процесс;

      4) апробация учебных изданий, учебно-методических комплексов – внедрение и комплексное изучение практики использования учебных изданий, учебно-методических комплексов в учебном процессе Академии;

      5) экспертиза учебных изданий – оценка соответствия содержания требованиям государственного общеобязательного стандарта образования (далее – ГОСО), типовым учебным планам и типовым учебным программам, целям обучения, воспитания и развития обучающихся, современным научным представлениям и требованиям психолого-педагогической науки;

      6) эксперт – физическое лицо, имеющее соответствующую квалификацию и опыт работы не менее пяти лет в сфере образования, науки, техники и других отраслях, привлекаемое для проведения экспертизы;

      7) учебное издание на электронных носителях – издание, представленное как совокупность цифровой, текстовой, графической, аудио-, видео- и другой информации, которое предназначено для автоматизации обучения, соответствует учебной дисциплине и обеспечивает различные виды учебных работ, а также может быть размещено на интернет-ресурсе Академии;

      8) Учебно-методический совет (далее – УМС) – коллегиальный орган управления по учебной и методической деятельностью Академии.

      4. С целью повышения эффективности учебно-методического обеспечения образовательного процесса и стимулирования работы профессорско-преподавательского состава Академии проводится конкурс на лучшее учебное издание, учебно-методический комплекс.

      Порядок проведения конкурса определяется Академией самостоятельно.

2. Порядок подготовки учебных изданий, учебно-методических комплексов

      5. Подготовка учебных изданий, учебно-методических комплексов осуществляется автором (авторским коллективом) с учетом требований ГОСО, типовых учебных планов и типовых учебных программ по учебной дисциплине согласно следующим требованиям:

      1) включение наиболее актуальных знаний по учебной дисциплине;

      2) достоверность представленного учебного и методического материала;

      3) учет целевой аудитории (обучающиеся соответствующих уровней образования, слушатели, преподаватели, научные сотрудники, судьи, работники судебной системы и иные лица), для которой адресовалось учебное издание и учебно-методический комплекс;

      4) профессиональная, практическая направленность содержания учебного материала.

      6. В состав авторского коллектива учебных изданий, учебно-методических комплексов могут входить ученые, преподаватели, научные сотрудники, судьи, члены Высшего Судебного Совета Республики Казахстан (далее – Совет), работники аппарата Совета и судебной системы, а также иные лица по профилю учебного издания.

3. Порядок экспертизы учебных изданий и рассмотрения на соответствие ГОСО учебно-методических комплексов

      7. УМС в процессе рассмотрения учебных изданий, за исключением учебно-методических комплексов, проверяет на использование автором или авторским коллективом материалов на предмет заимствования без ссылки на автора с использованием систем выявления и предотвращения плагиата.

      Допустимый уровень уникальности текста устанавливается решением Ученого совета.

      8. По результатам рассмотрения учебных изданий и учебно-методических комплексов УМС принимает одно из следующих решений:

      1) по учебному изданию – о проведении экспертизы;

      2) учебно-методических комплексов – о рассмотрении на соответствие ГОСО;

      3) о доработке учебного издания;

      4) о доработке учебно-методического комплекса.

      Решение о доработке учебного издания принимается в случаях, если проверка использования автором или авторским коллективом материалов на предмет заимствования без ссылки на автора показывает результат выше допустимого уровня.

      9. Для оценки соответствия содержания предлагаемых к использованию в образовательной деятельности учебных изданий требованиям ГОСО, типовым учебным планам и программам, научным исследованиям, целям обучения, развития обучающихся, современным требованиям психолого-педагогической науки проводится их экспертиза.

      10. Экспертизу организует УМС.

      11. Автор (авторский коллектив) для проведения экспертизы учебного издания представляет в УМС следующие материалы:

      1) заявление в произвольной форме о проведении экспертизы учебного издания, где указываются автор (авторский коллектив) в соответствии с его титульным листом, название, язык издания;

      2) учебное издание в электронном виде либо по желанию автора (авторского коллектива) на бумажном носителе;

      3) две внешние рецензии для учебного издания;

      4) справка о результатах проверки учебного издания на предмет наличия в них заимствований без ссылки на автора.

      12. Для проведения экспертизы учебных изданий УМС привлекает экспертов (не более 3 человек) из числа лиц, имеющих ученую степень (кандидата наук, доктора наук) или степень доктора философии (PhD) или по профилю, практических работников, являющихся специалистами в той сфере, в которой подготовлено учебное издание.

      13. Экспертам передается весь пакет документов, представленный автором (авторским коллективом).

      14. Экспертиза одного учебного издания организуется и проводится в срок не более пятнадцати рабочих дней после принятия соответствующего решения на заседании УМС.

      15. В экспертном заключении указывается одно из следующих решений:

      1) рекомендуется к изданию и (или) использованию в учебном процессе;

      2) не рекомендуется к изданию и (или) использованию в учебном процессе.

      16. УМС немедленно извещает автора (авторский коллектив) о результатах экспертизы после вынесения экспертного заключения.

      17. На основании положительного заключения экспертов Ученый совет рекомендует учебное издание к изданию и (или) использованию в учебном процессе.

      18. В случае несогласия автора (авторского коллектива) с результатами экспертизы, по решению УМС проводится дополнительная экспертиза учебных изданий, производство которой поручается иным экспертам в соответствии с пунктом 12 настоящих Правил. Срок проведения дополнительной экспертизы составляет 15 рабочих дней.

      Дополнительную экспертизу организует УМС.

      19. Учебно-методические комплексы подлежат рассмотрению на УМС без проведения экспертизы.

4. Порядок апробации, проведения мониторинга и издания учебных изданий и учебно-методических комплексов

      20. Апробация вновь разработанных учебных изданий и учебно-методических комплексов (или отдельных его элементов) проводится в течение одного учебного года с целью последующего их внедрения в учебный процесс.

      21. Результаты апробации подлежат рассмотрению на заседании УМС с участием автора (авторского коллектива) для принятия решения о возможности использования в образовательной деятельности учебного издания, учебно- методического комплекса.

      В случае наличия предложений по совершенствованию учебного издания, учебно-методического комплекса, выработанных по итогам апробации, они подлежат передаче в УМС для учета при мониторинге учебных изданий, учебно-методических комплексов.

      22. УМС систематически проводит мониторинг учебных изданий, учебно-методических комплексов с целью:

      1) проведения анализа по вопросам обеспечения образовательного процесса, учебных программ в Академии современными учебными изданиями;

      2) улучшения качества учебных изданий, учебно-методических комплексов, используемых в учебном процессе и необходимости их актуализации.

      По результатам мониторинга УМС вырабатывает предложения и вносит их на рассмотрение Ученого совета.

      23. Учебные издания, учебно-методические комплексы издаются за счет средств Академии и/или автора (авторского коллектива).

      Выпуск учебного издания, учебно-методических комплексов осуществляется на основании решения Ученого совета.