Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың:
403-қосымша сәйкес Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2007 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
403-ҚОСЫМША
637 - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi
2008 жылға арналған
"Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң қызметiн
қамтамасыз ету" деген 001 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 183178 мың теңге (бiр жүз сексен үш миллион бір жүз жетпіс сегіз мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi:
"Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737 Қазақстан Республикасының Конституциялық
заңы
; "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi
Заңы
; Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің Төрағасы мен мүшелерiнің қызметiн қамтамасыз ету туралы" 1996 жылғы 28 наурыздағы N 2920
Жарлығы
; Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөнiндегi шаралар туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29
Жарлығы
.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
: Республиканың бүкiл аумағында Конституцияның жоғары тұруын және тiкелей қолданылуын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
: адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау; кәсiби мемлекеттiк қызмет талаптарына сай, қазiргi экономикалық жағдайға сәйкес мемлекеттiк қызметшiлердің кәсiби деңгейiн арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
N р/с |
Бағ-
|
Кіші
|
Бағдар-
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
001 |
|
Қазақс-
|
|
|
|
2 |
|
001 |
Орталық
|
Конституциялық іс
|
Жыл
|
Қазақстан
|
3 |
|
007 |
Мемлекет-
|
Мемлекеттік қызметші-
|
Жыл
|
Қазақстан
|
4 |
|
009 |
Мемлекет-
|
Қазақстан Республикасы
|
Жыл
|
Қазақстан
|
5 |
|
017 |
Ақпарат-
|
Есептеу техникасын
|
Жыл
|
Қазақстан
|
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер
:
Тікелей нәтиже: 1) Республиканың бүкіл аумағында Конституцияның жоғары заңдық күшін, оның тікелей қолданылуын қолдау үшін және беделін нығайту үшін қажетті жағдай жасау; 2) 5 адамның кәсіби деңгейін арттыру; 3) 37 адамға мемлекеттік тілді үйрету; 4) 10 адамға ағылшын тілін үйрету.
Түпкі нәтиже: Негізгі Заңның нормаларын барлық мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың, ұйымдар мен азаматтардың бірізді түсініп, қолдануын қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1) Кеңестің бір мемлекеттік қызметшісінің біліктілігін арттыруға кететін орташа шығыс - 50,0 мың теңге; 2) Кеңестің бір мемлекеттік қызметшісіне мемлекеттік тілді үйретуге кететін орташа шығыс - 40,2 мың теңге; 3) Кеңестің бір мемлекеттік қызметшісіне ағылшын тілін үйретуге кететін орташа шығыс - 24,6 мың теңге.
Уақтылығы: 1) жоспарланған іс-шараларды белгіленген мерзімде орындау; 2) жасалынатын шарттарға сәйкес жыл бойы оқыту.
Сапасы: 1) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қорытынды шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілмеуі;
2) мемлекеттік тілді оқыту курстарынан өткен соң мемлекеттік тілде іс жүргізуге көшетін мемлекеттік қызметшілердің үлес салмағы - 30%;
3) ағылшын тілін оқыту курстарынан өткен соң ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің үлес салмағы - 30%.