Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына сәйкес және Алакөл аудандық аумақтық инспекциясының 2012 жылғы 17 қазандағы № 28 ұсынысы негізінде, Жайпақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Жайпақ ауылдық округінде ұсақ малдары арасынан шыққан бруцеллез ауру ошақтарының жойылуына байланысты шектеу іс-шараларын немесе карантин аймағының ветеринарлық режимі тоқтатылсын.
2. Жайпақ ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 20 маусымдағы №8 "Шектеу іс шараларын енгізе отырыпкарантин аймағының ветеринарлық режимін белгілеу туралы" Алакөл аудандық Әділет басқармасына тіркеу тізіміне 2012 жылдың 13 шілдедегі № 2-5-181 нөмірімен енгізілген, Алакөл аудандық "Алакөл" газетіне 2012 жылдың 21 шілдедегі № 28 нөміріне жарияланған шешімінің күші жойылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасауды өз құзырыма қалдырамын.
Жайпақ ауылдық округінің әкімі | Е. Табеев |