Шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринарлық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Алакөл ауданы Жайпақ ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 20 маусымдағы N 8 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Алакөл ауданының Әділет басқармасында 2012 жылы 13 шілдеде N 2-5-181 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданы Жайпақ ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 26 қазандағы № 12 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданы Жайпақ ауылдық округі әкімінің 26.10.2012 № 12 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және Алакөл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2012 жылғы 7 мамырдағы N 10 ұсынысы негізінде, Жайпақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Жайпақ ауылдық округіне ұсақ малдары арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өз құзырыма қалдырамын.

      3. Осы шешім Әділет органдарына мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Жайпақ ауылдық


округінің әкімі

Е.А. Табеев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады