Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1998 жылғы 24 науырыздағы № 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Қазақстан Республикасы Үкіметнің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 "Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1353 "Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесін бекіту туралы" қаулысының күші жойылуына байланысты, Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 1 тамыздағы "Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар ұйымдық-құқықтық негізінде құрылған мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына балаларды қабылау ережесін бекіту туралы" №187 қаулысының күші жойылған деп танылсын.
2. "Маңғыстау аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулының бұқаралық ақпарат құралдары мен "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Махмутовқа жүктелсін.
Аудан әкімі | Ж.Айтуаров |