Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiнiң 16, 32, 37, 43, 69, 118-баптарына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 22 маусымдағы "Магистральдық құбыр туралы" Заңының 7, 13, 21-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27, 37-баптарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Каспий Құбыр Консорциумы-Қ" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – "КҚК-Қ" АҚ) "Теңіз-Новороссийск" магистральдық мұнай құбырының 0-130,3 км желілік бөлігін орналастыру және пайдалану үшін жер учаскелерін жер пайдаланушылардан және жердің меншік иелерінен алып қоймай, 49 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "КҚК-Қ" АҚ:
1) келісім бойынша жер учаскелерінің меншік иелеріне және жер пайдаланушыларға шығын келтірген жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтірілген шығындардың орнын толтырсын;
2) "Теңізшевройл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жалға алу және сервитут құқығындағы тиесілі жер шегінде Жылыой ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 20 желтоқсандағы "Жылыой ауданының жер учаскелерінде өнеркәсіптік пайдалану кезеңіне Теңіз мұнай кен орнының санитарлық-қорғау аймағын белгілеу туралы" № 439 қаулысымен бекітілген жер пайдалану режимінің талаптарын сақтасын;
3) қауымдық жариялы сервитут үшін белгіленген мерзім аяқталғаннан соң белгіленген тәртіпке сай бүлінген жерлерді қалпына келтірсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғ.И. Дүйсембаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б. Ізмұхамбетов |
Облыс әкімдігінің 2013 жылғы "15" қарашадағы № 399 қаулысына қосымша |