"Теңіз-Новороссийск" магистральдық мұнай құбырының желілік бөлігін орналастыру және пайдалану үшін жариялы сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 15 қарашадағы № 399 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiнiң 16, 32, 37, 43, 69, 118-баптарына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 22 маусымдағы "Магистральдық құбыр туралы" Заңының 7, 13, 21-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27, 37-баптарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Каспий Құбыр Консорциумы-Қ" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – "КҚК-Қ" АҚ) "Теңіз-Новороссийск" магистральдық мұнай құбырының 0-130,3 км желілік бөлігін орналастыру және пайдалану үшін жер учаскелерін жер пайдаланушылардан және жердің меншік иелерінен алып қоймай, 49 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "КҚК-Қ" АҚ:

      1) келісім бойынша жер учаскелерінің меншік иелеріне және жер пайдаланушыларға шығын келтірген жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтірілген шығындардың орнын толтырсын;

      2) "Теңізшевройл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жалға алу және сервитут құқығындағы тиесілі жер шегінде Жылыой ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 20 желтоқсандағы "Жылыой ауданының жер учаскелерінде өнеркәсіптік пайдалану кезеңіне Теңіз мұнай кен орнының санитарлық-қорғау аймағын белгілеу туралы" № 439 қаулысымен бекітілген жер пайдалану режимінің талаптарын сақтасын;

      3) қауымдық жариялы сервитут үшін белгіленген мерзім аяқталғаннан соң белгіленген тәртіпке сай бүлінген жерлерді қалпына келтірсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғ.И. Дүйсембаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Б. Ізмұхамбетов

  Облыс әкімдігінің 2013 жылғы
"15" қарашадағы № 399
қаулысына қосымша

"Теңіз-Новороссийк" магистральдық мұнай құбырының желілік бөлігінің 0-130,3 км учаскесін орналастыру және пайдалану үшін қауымдық сервитут белгілеуге арналған жер экспликациясы

Жер санатының атауы

Ұзындығы, м

ені, м

алаңы, га

1

"Теңізшевройл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өнеркәсіптік жерлері

2223,25

100

22,2325

2

Жылыой ауданының босалқы жерлері, оның ішінде:
"Теңізшевройл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне
сервитут құқығымен берілген

118552,47
41412,4

100
100

1185,5247
414,124

3

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер, барлығы:
оның ішінде

9666,68

50

48,3333


1) "Сәрсен" шаруа қожалығы

1916,53

50

9,5826


2) "Бөпе" шаруа қожалығы

2204,30

50

11,0215


3) "Уайсова Р.У." шаруа қожалығы

5545,85

50

27,7292


Жалпы алаңы:



1256,0905


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады