1. Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл ауылдық округінің "Сегізсай" өндірістік кооперативінің аумағындағы мүйізді ірі қара малдары арасынан құтырық ауыруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық – санитарлық іс – шараларды жүргізумен байланысты белгіленген шектеу іс – шаралары алынсын.
2. Ойыл ауданы, Ойыл ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 9 шілдедегі № 80 "Ойыл ауылдық округінің "Сегізсай" өндірістік кооперативінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3967 болып тіркелген шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды Ойыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы А.Берекеноваға тапсырамын.
Округ әкімі : | И.Сабиржанов |