Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 9 шілдедегі № 80 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 17 шілдеде № 3967 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 17 қыркүйектегі № 124 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің 17.09.2014 № 124 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ойыл аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2014 жылғы 2 маусымдағы № ВО 3-4/132 ұсынысы негізінде, Ойыл ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ойыл ауылдық округінің Сегізсай қыстағындағы "Сегізсай" өндірістік кооперативінің аумағына, мүйізді ірі қара малдары арасынан құтырық ауруының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ойыл ауылдық округі әкімінің м.а
С. Нугыманов

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады