"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 Заңының 21-1 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылдын 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 37 – бабының 8 – тармағына сәйкес, қала әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қапшағай қаласы әкімінің 2014 жылы 20 наурыздағы ""Қапшағай қаласында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылы 28 наурызда N 2640 болып енгізіліп, "Нұрлы Өлке" газетінің 2014 жылдың 12 сәуірдегі N 15(268) санында жарияланған) N 03-3 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ескендир Ақынович Сергибаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қала әкімі | С. Кикимов |