Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2014 жылғы 12 науырызындағы № 02-17-567 ұсынысы негізінде, Ақтау қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтау қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 9 қарашадағы № 1025 "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылы 7 желтоқсанындағы № 2169 тіркелген, 2012 жылғы 15 желтоқсанында № 209-2011 "Маңғыстау" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімі орынбасары Р. Елтизаровке жүктелсін.
Қала әкімі | Е. Жаңбыршин |