Ақтау қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 9 қарашадағы № 1025 "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 434 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2014 жылғы 12 науырызындағы № 02-17-567 ұсынысы негізінде, Ақтау қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақтау қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 9 қарашадағы № 1025 "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылы 7 желтоқсанындағы № 2169 тіркелген, 2012 жылғы 15 желтоқсанында № 209-2011 "Маңғыстау" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімі орынбасары Р. Елтизаровке жүктелсін.
      Қала әкімі Е. Жаңбыршин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады