Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып және "Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 4 ақпандағы №46 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2012 жылғы 2 ақпандағы №13 "Батыс Қазақстан облысы бойынша коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3077 тіркелген, 2012 жылғы 5 сәуірдегі "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігі қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Ж.Шапкеновке жүктелсін.
Облыс әкімі | Н. Ноғаев |