«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармағына сәйкес, «Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ерейментау аудандық аумақтық инспекциясы» ММ-нің 2015 жылғы 24 маусымдағы № 01-24-343 шектеу іс-шараларын тоқтату туралы ұсынысы негізінде Новомарковка ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1.Ерейментау ауданының Новомарковка ауылының аумағында шектеу іс-шаралары алынсын.
2.«Ерейментау ауданының Новомарковка ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Новомарковка ауылының әкімінің 2015 жылғы 06 сәуірдегі № 3 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4754 болып енгізілген, 2015 жылғы 02 мамырда № 9480 «Ереймен», 2015 жылғы 02 мамырда № 9463 «Ерейментау» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4.Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Новомарковка ауылының әкімі Г.И.Самойленко