Ерейментау ауданының Новомарковка ауылының аумағында шектеу іс-шараларын алу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ерейментау ауданы Новомарковка ауылы әкімінің 2015 жылғы 1 шілдедегі № 5 шешімі

      «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармағына сәйкес, «Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ерейментау аудандық аумақтық инспекциясы» ММ-нің 2015 жылғы 24 маусымдағы № 01-24-343 шектеу іс-шараларын тоқтату туралы ұсынысы негізінде Новомарковка ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1.Ерейментау ауданының Новомарковка ауылының аумағында шектеу іс-шаралары алынсын.
      2.«Ерейментау ауданының Новомарковка ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Новомарковка ауылының әкімінің 2015 жылғы 06 сәуірдегі № 3 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4754 болып енгізілген, 2015 жылғы 02 мамырда № 9480 «Ереймен», 2015 жылғы 02 мамырда № 9463 «Ерейментау» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4.Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

      Новомарковка ауылының әкімі                Г.И.Самойленко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады