«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Жарқайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жарқайың ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 01 сәуірдегі № А-4/73 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы» Жарқайың ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № А-11/406 қаулысының күші жойылсын (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде № 4494 болып тіркелген, 2014 жылдың 12 желтоқсандағы аудандық «Жарқайың тынысы» және «Целинное знамя» газеттерінде жарияланған).
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Жарқайың ауданының әкімі А.Үйсімбаев