Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 27.10.2015 № А-11/297 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңдарына сәйкес, Жарқайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарқайың ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 01 сәуірдегі № А-4/73 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде № 4115 тіркелген, 2014 жылдың 25 сәуірінде аудандық «Жарқайың тынысы» және «Целинное знамя» газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:
«Жарқайың ауданының әкімі А.Үйсімбаев» жолынан кейін сол жақ келесі грифпен толықтырылсын:
««КЕЛІСІЛДІ»
Жарқайың аудандық
мәслихатының хатшысы
Ұ.А. Ахметова _________
«14» 11 2014 жыл».
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жүргізу аудан әкімінің орынбасары А.Қ. Әлжановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жарқайың ауданының әкімі А.Үйсімбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Жарқайың аудандық
мәслихатының хатшысы Ұ.А.Ахметова
«14» 11 2014 жыл