1. Целиноград ауданы әкімдігінің
1) "Целиноград ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" 2012 жылғы 24 сәуірдегі № А-3/152 (Ақмола облысы Целиноград ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 18 мамырда № 1-17-174 болып тіркелді);
2) "Целиноград ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 24 сәуірдегі № А-3/152 "Целиноград ауданының ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 3 наурыздағы № А-2/55 (Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 26 наурызда № 4046 болып тіркелді);
3) "Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалға алу төлемінің есептік мөлшерлемесін есептеу қағидасын бекіту туралы" 2014 жылғы 21 тамыздағы № А-1/284 (Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 23 қыркүйекте № 4363 болып тіркелді) қаулыларының күштері жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары А.К.Айткужиноваға жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
М.Тәткеев |