Целиноград ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 24 сәуірдегі № А-3/152 қаулысы. Ақмола облысы Целиноград ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 18 мамырда № 1-17-174 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № А-1/259 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің 02.07.2015 № А-1/259 (қол қойған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің 03.03.2014 № А-2/55 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18, 238 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Целиноград аудандық мәслихатының 2012 жылғы 19 наурыздағы № 14/2-5 "Целиноград ауданының ауылдық (селолық) жерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін келісу туралы" шешіміне сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Целиноград ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің 03.03.2014 № А-2/55 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Б.А.Жанбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Целиноград ауданының әкімі М.Жунусов

  Целиноград ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 24 сәуірдегі
№ А-3/152 қаулысына қосымша

Целиноград ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесі

      Ескерту. Қосымшаның атауы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің 03.03.2014 № А-2/55 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:

      1) қазыналық кәсіпорынның басшысы;
      2) мемлекеттік мекеменің басшысы;
      3) қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
      4) мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары;
      5) үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімшесінің меңгерушісі;
      6) күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
      7) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
      8) консультант.

2. Білім мамандарының лауазымдары:

      1) мемлекеттік мекеменің басшысы;
      2) мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары;
      3) қазыналық кәсіпорынның басшысы;
      4) қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
      5) барлық мамандықтағы мұғалімдер;
      6) тәрбиеші;
      7) әдістемеші;
      8) музыкалық жетекші;
      9) психолог;
      10) хореограф;
      11) жетекші;
      12) кітапхана меңгерушісі;
      13) кітапханашы;
      14) медициналық бике;
      15) емдәм бикесі;
      16) зертханашы.

3. Мәдениет және спорт мамандарының лауазымдары:

      1) мемлекеттік мекеменің басшысы;
      2) қазыналық кәсіпорынның басшысы;
      3) мәдени ұйымдастырушы;
      4) кітапханашы;
      5) әдістемеші;
      6) библиограф;
      7) дыбыс режиссері;
      8) хореограф;
      9) музыкалық жетекші;
      10) көркемдік жетекші;
      11) аккомпаниатор;
      12) кітапхана меңгерушісі;
      13) клуб меңгерушісі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады