1. Кеңестуы ауылдық округінің Қопа ауылы аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасындағы бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөнінде ветеринариялық іс-шаралар кешенінің толық жүргізілуіне байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Кеңестуы ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 26 маусымдағы № 13 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3966 тіркелген, 2014 жылғы 25 шілдеде "Темір" газетінде жарияланған, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 23 шілде айында ресми жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Кеңестуы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ж. Шүкіровке жүктелсін.
Кеңестуы ауылдық округінің әкімі | С. Тұранов |