Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10–1 бабына сәйкес және Темір аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторының міндетін атқарушысының 2014 жылғы 5 маусымдағы № 14-01/78 ұсынысы негізінде Кеңестуы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Кеңестуы ауылдық округінің Қопа ауылының аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Кеңестуы ауылдық округінің әкімі | С. ТҰРАНОВ |