«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 21-1 және 43-1-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Кедендік бақылау техникалық құралдарының тізбесін және қолдану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 90 бұйрығының күші жойылсын (Нормативтік-құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10092 тіркелген және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 28 қаңтарда, «Егемен Қазақстан» газетінде 2015 жылғы 25 маусымда № 118 жарияланған).
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Кедендік бақылау департаменті (Е.Қ.Төлегенов) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне;
2) осы бұйрықты «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауын және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурстарына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енеді.
Төраға Д. Ерғожин