"Кедендік бақылау техникалық құралдарының тізбесін және қолдану қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 90 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2015 жылғы 12 қарашадағы № 704 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 21-1 және 43-1-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Кедендік бақылау техникалық құралдарының тізбесін және қолдану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 90 бұйрығының күші жойылсын (Нормативтік-құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10092 тіркелген және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 28 қаңтарда, «Егемен Қазақстан» газетінде 2015 жылғы 25 маусымда № 118 жарияланған).
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Кедендік бақылау департаменті (Е.Қ.Төлегенов) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне;
      2) осы бұйрықты «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауын және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурстарына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енеді.

      Төраға                                      Д. Ерғожин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады