«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасында арнайы су пайдалануға рұқсат беруге арналған өтініште көрсетілетін мәліметтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 15 наурыздағы № 14-1/113 бұйрығына әзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 6 қыркүйектегі № 14-1/504 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7201 тіркелген, 2011 жылғы 27 қазандағы «Егемен Қазақстан» газетінің № 517 (26909) санында жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдасын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков