"Қазақстан Республикасында арнайы су пайдалануға рұқсат беруге арналған өтініште көрсетілетін мәліметтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 15 наурыздағы № 14-1/113 бұйрығына (өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 6 қыркүйектегі № 14-1/504 бұйрығының күші жойылды ден тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 22 қазандағы № 19-1/940 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасында арнайы су пайдалануға рұқсат беруге арналған өтініште көрсетілетін мәліметтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 15 наурыздағы № 14-1/113 бұйрығына әзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 6 қыркүйектегі № 14-1/504 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7201 тіркелген, 2011 жылғы 27 қазандағы «Егемен Қазақстан» газетінің № 517 (26909) санында жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдасын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі                         А. Мамытбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады