Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2 "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген облыс әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылғаны жөнінде әділет органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлауды қамтамасыз етсін.
3 Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Нұралиевке жүктелсін.
Облыс әкімі | К. Көкрекбаев |
Жамбыл облысы әкімінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 3 шешіміне қосымша |
Жамбыл облысы әкімінің күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізімі
1. "Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға құжаттарын бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 9 шілдеде № 1811 болып тіркелген, 2012 жылғы 10 шілдеде "Ақ жол" газетінде жарияланған).2. "Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауды субсидиялауға қажетті құжаттар нысандарын бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 9 шілдеде № 1812 болып тіркелген, 2012 жылғы 21 шілдеде "Ақ жол" газетінде жарияланған).