Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-2 тармағына және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 05 шілдедегі Кодексіне сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты шешім ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Жамбыл облысының су объектілерінде ортақ су пайдалану Қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2013 жылғы 23 тамыздағы №16-4 шешімінің (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2016 болып тіркелген, 2013 жылғы 3 қазанында "Ақ жол" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы қаулының 1 тармағында көрсетілген нормативтік-құқықтық актінің күші жойылды деп танылғаны жөнінде әділет органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлауды қамтамасыз етсін.
Облыстық мәслихаттың | Облыстық мәслихаттың |
сессия төрағасы | хатшысы |
О. Телеуов | Б. Қарашолақов |