«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1- бабының 1- тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Ғылыми зерттеулерді енгізу, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына зияткерлік меншікті кіргізу, оның ішінде венчурлық өндірісті ұйымдастыру кезінде зияткерлік меншікті бағалау әдістерін қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 6 сәуірдегі № 91, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 6 сәуірдегі № 290, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2004 жылғы 6 сәуірдегі № 79, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрінің 2004 жылғы 6 сәуірдегі № 79 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 12 мамырда № 2844 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2004 жылғы 11 маусымдағы № 46 (566) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (С.Е.Жолдасбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдауды;
2) осы бұйрықты «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің төрағасы С. Е. Жолдасбаевқа жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
_________ Б. Имашев
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
_________ А. Сәрінжіпов
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
_________ Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
_________ В. Школьник