«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Баланың құқықтарын қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін және тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қазандағы № 421 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 18 қарашада № 8908 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 268 (2821 1) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (З.Оразалиева) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е. Иманғалиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Сәршжіпов