«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 21-1 бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің таратылуға шектелген ақпараттарына рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2013 жылғы 12 сәуірдегі № 08-1-1-1/135 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8439 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 126 (28065) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді;
2) осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі Е. Ыдырысов