Ескерту. Қаулының күші жойылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 22.06.2015 № 4-нқ (қаулы 30.06.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 13-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5084 тіркелген, 2008 жылғы 28 мамырда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге органдары актілерінің № 5 жинағында жарияланған) «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі - Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына біліктілік талаптарын бекіту туралы» Есеп комитетінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 6-НҚ нормативтік қаулысына («Әділет» АҚЖ-да 2014 жылғы 26 желтоқсанда жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Есеп комитетінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына біліктік талаптарында:
«Тәраға хатшылығы» деген бөлімде:
«Сектор меңгерушісі - 1 бірлік, В-3 санаты (1-1)» деген кіші бөлімнің «Білімі» деген бағанында:
«(экономика және/немесе қаржы және/немесе бухгалтерлік есеп және аудит)» деген сөздер мен белгілер алынып тасталсын;
«гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар)» деген сөздерден кейін «; техникалық ғылымдар және технологиялар» деген сөздермен толықтырылсын;
«Сарапшы - 1 бірлік, В-5 санаты (1-5)» деген кіші бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бас сарапшы - 1 бірлік, В-4 санаты (1-5)»;
«Заң бөлімі» деген бөлімде:
«Бас- консультант - 1 бірлік, В-3 санаты (7-5)» деген кіші бөлім алынып тасталсын;
«Бас сарапшы - 1 бірлік, В-4 санаты (7-6)» деген кіші бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бас сарапшы - 2 бірлік, В-4 санаты (7-5, 7-6)».
2. Заң бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы нормативтік қаулыны мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
2) осы нормативтік қаулыны Есеп комитетінің Интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейінгі күні қолданысқа енгізіледі.
Төраға Қ. Жаңбыршин