"Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына біліктілік талаптарын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 6-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 1-нқ бұйрығы. Күші жойылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 22 маусымдағы № 4-нқ нормативтік қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 22.06.2015 № 4-нқ (қаулы 30.06.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 13-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5084 тіркелген, 2008 жылғы 28 мамырда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге органдары актілерінің № 5 жинағында жарияланған) «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі - Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына біліктілік талаптарын бекіту туралы» Есеп комитетінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 6-НҚ нормативтік қаулысына («Әділет» АҚЖ-да 2014 жылғы 26 желтоқсанда жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Есеп комитетінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына біліктік талаптарында:
      «Тәраға хатшылығы» деген бөлімде:
      «Сектор меңгерушісі - 1 бірлік, В-3 санаты (1-1)» деген кіші бөлімнің «Білімі» деген бағанында:
      «(экономика және/немесе қаржы және/немесе бухгалтерлік есеп және аудит)» деген сөздер мен белгілер алынып тасталсын;
      «гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар)» деген сөздерден кейін «; техникалық ғылымдар және технологиялар» деген сөздермен толықтырылсын;
      «Сарапшы - 1 бірлік, В-5 санаты (1-5)» деген кіші бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бас сарапшы - 1 бірлік, В-4 санаты (1-5)»;
      «Заң бөлімі» деген бөлімде:
      «Бас- консультант - 1 бірлік, В-3 санаты (7-5)» деген кіші бөлім алынып тасталсын;
      «Бас сарапшы - 1 бірлік, В-4 санаты (7-6)» деген кіші бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бас сарапшы - 2 бірлік, В-4 санаты (7-5, 7-6)».
      2. Заң бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы нормативтік қаулыны мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
      2) осы нормативтік қаулыны Есеп комитетінің Интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін.
      4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейінгі күні қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                           Қ. Жаңбыршин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады