Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 50/01 "Элиталық тұқымдарды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2773 болып тіркелген, 2014 жылғы 9 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 2 қазандағы № 175-176 (21696-21697) "Индустриальная Караганда" және 2014 жылғы 2 қазандағы № 189-190 (21824) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2.
Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
Облыс әкімі |
Н. Әбдібеков |