Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 50/01 "Элиталық тұқымдарды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 тамыздағы № 48/08 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 50/01 "Элиталық тұқымдарды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2773 болып тіркелген, 2014 жылғы 9 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 2 қазандағы № 175-176 (21696-21697) "Индустриальная Караганда" және 2014 жылғы 2 қазандағы № 189-190 (21824) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
 

      Облыс әкімі

Н. Әбдібеков

   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады