Ростовка ауылдық округі Красная Нива ауылында ірі қара малдың арасынан бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлы іс-шараларды жүргізуіне байланысты Ростовка ауылдық округі Красная Нива ауылында белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 40/01 "Ростовка ауылдық округі Красная Нива ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 2804 болып тіркелген, 2014 жылғы 8 қарашадағы № 44 (1078) "Бұқар жырау жаршысы" аудандық газетінде жарияланған, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 19 қарашада жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асхат Сағадиұлы Әлиге жүктелсін.
Аудан әкімі | Н. Кобжанов |