Ростовка ауылдық округі Красная Нива ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 40/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 31 қазанда № 2804 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 48/03 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 10.12.2015 № 48/03 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес, Бұқар жырау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ірі қара малдың арасынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты, Ростовка ауылдық округі Красная Нива ауылында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Ветеринариялық-санитариялық, сауықтыру және шектеу іс-шаралары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өткізілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы

А. Әли

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы
      ауыл шаруашылығы Министрлігі
      ветеринариялық бақылау және
      қадағалау Комитетінің
      Бұқар жырау аудандық аумақтық
      инспекциясы" басшысы
      Е. Садиров

      2014 жылдың 22 қазан
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады