Қазақстан Республикасының 1998 жылдың 24 наурыздағы № 213-І "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 40 бабы 2 тармағының 4 тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы № 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 37 бабы 8 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
Осы қаулының қосымшасына сәйкес Осакаров ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2.
Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы В.В.Абилсеитоваға жүктелсін.
Аудан әкімі |
Н. Әбілдин |
Аудан әкімдігінің қаулысына |
Осакаров ауданы әкімдігінің кейбір күші жойылған қаулыларының тізімі
1.
2015 жылғы 12 қаңтардағы "Б" корпусындағы аудандық бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік органдарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" № 03/01 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2960 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 ақпандағы № 8 (7440) "Сельский труженик" аудандық газетінде жарияланған);
2.
2015 жылғы 13 сәуірдегі "Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы "Б" корпусындағы аудандық бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік органдарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" № 03/01 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 22/02 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3199 болып тіркелген, "Сельский труженик" аудандық газетінде 2015 жылдың 30 мамырдағы № 22 (7454) жарияланған).