РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Облыстық мәслихаттың келесі шешімдерінің күші жойылсын деп танылсын:
1) 2012 жылғы 10 тамыздағы № 5/68 «Маңғыстау облысының аумағында құрылыс салу қағидасы туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2147 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2012 жылғы 18 қыркүйекте жарияланған);
2) 2013 жылғы 16 тамыздағы № 12/180 «Маңғыстау облысының аумағында құрылыс салу қағидасы туралы» облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 10 тамыздағы № 5/68 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2299 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2013 жылғы 3 қазанда жарияланған);
3) 2014 жылғы 5 ақпандағы № 14/217 «Маңғыстау облысының аумағында құрылыс салу қағидасы туралы» облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 10 тамыздағы № 5/68 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2360 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 25 ақпанда жарияланған).
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы М. Ибағаров
Облыстық
мәслихат хатшысы Б. Жүсіпов