Облыстық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/455 шешімі

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Облыстық мәслихаттың келесі шешімдерінің күші жойылсын деп танылсын:
      1) 2012 жылғы 10 тамыздағы № 5/68 «Маңғыстау облысының аумағында құрылыс салу қағидасы туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2147 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2012 жылғы 18 қыркүйекте жарияланған);
      2) 2013 жылғы 16 тамыздағы № 12/180 «Маңғыстау облысының аумағында құрылыс салу қағидасы туралы» облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 10 тамыздағы № 5/68 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2299 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2013 жылғы 3 қазанда жарияланған);
      3) 2014 жылғы 5 ақпандағы № 14/217 «Маңғыстау облысының аумағында құрылыс салу қағидасы туралы» облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 10 тамыздағы № 5/68 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2360 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 25 ақпанда жарияланған).
      2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                         М. Ибағаров
 
 
      Облыстық
      мәслихат хатшысы                        Б. Жүсіпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады