"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 8 тармағына сәйкес және Қостанай облысының Әділет департаментінің 2015 жылғы 23 қыркүйектегі шығ. № 02-16-9325 хаты негізінде Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қостанай облысы Арқалық қаласының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 27 шілдедегі № 263 қала әкімдігінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5815 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 қыркүйегінде "Арқалық хабары" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі Ғ. Бекмұхамедов