"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабына сәйкес Жангелдин ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. Жангелдин ауданы әкімінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 2 "Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5625 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 маусымда "Біздің Торғай" аудандық газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Кенжегарин