Жангелдин ауданы әкімінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 2 шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 4 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабына сәйкес Жангелдин ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. Жангелдин ауданы әкімінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 2 "Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5625 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 маусымда "Біздің Торғай" аудандық газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Кенжегарин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады