Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әкімдіктің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 251 "Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5113 тіркелді, 2015 жылғы 20 қаңтардағы "Қамысты жаңалықтары - Камыстинские новости" газеттінде жарияланды) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауданы әкімі Ж. Бисимбаев