"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 8-тармағына, сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарасу ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 11 ақпандағы № 31 "18 жасқа дейінгі балаларға арналған айсайынғы мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындағанда жеке косалқы шаруашылықтан түскен табыстарды есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы" қаулысының күші жойылған деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттiк тізілімінде 2010 жылғы 15 наурыздағы № 9-13-103 тіркелген, 2010 жылғы 17 наурыздағы "Қарасу өңірі" аудандық газетінде жарияланған).
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі А. Шәмшиев