"Нормативтік құқықтық актілері туралы" Қазақстан Республикасының Заңның 40-бабының 2-тармағына сәйкес, Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қостанай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 814 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізбесінде № 5217 тіркелген, "Арна" газетінде 2014 жылғы 19 желтоқсанында жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
Аудан әкімі Т. Исабаев