"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына сәйкес, Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Науырзым ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен қағидаларын бекіту туралы" Науырзым ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 4 мамырдағы № 135 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 28 мамырда № 5626 тіркелген, 2015 жылғы 11 маусымдағы № 20 "Науырзым тынысы" аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Т. Даиров