Науырзым ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 4 мамырдағы № 135 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 258 қаулысы

        "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына сәйкес, Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Науырзым ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен қағидаларын бекіту туралы" Науырзым ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 4 мамырдағы № 135 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 28 мамырда № 5626 тіркелген, 2015 жылғы 11 маусымдағы № 20 "Науырзым тынысы" аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                     Т. Даиров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады