"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабына сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда нормативтік карточкада келтірілген орташа түсімді (өиімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы" (Нормативтік құқықтық мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-19-95 тіркелді, "Нұрлы жол" аудандық газетінде 2009 жылдың 16 сәуірде жарияланған) Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 59 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.