"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабына сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда нормативтік карточкада келтірілген орташа түсімді (өиімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы" (Нормативтік құқықтық мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-19-95 тіркелді, "Нұрлы жол" аудандық газетінде 2009 жылдың 16 сәуірде жарияланған) Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 59 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
"18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда нормативтік карточкада келтірілген орташа түсімді (өиімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы" Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 59 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
ЖаңаҚостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 241 қаулысы
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз